Өскемен
-16°
небольшая облачность ветер 3,1 м/с, СВ
472.14 498.39 7.65

Соңғы 10 жылда Қазақстанның солтүстігі, орталығы мен шығысынан 230 мың адам көшіп кеткен

12.08.2022, 19:27 5 0 Мадина Амангелдіқызы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Солтүстік Қазақстан облысында елдегі көші-қон саясатына қатысты атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова СҚО-ға келді. Министр өңір кәсіпкерлерімен кездесіп, жиында жұмыспен қамту және еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Кездесуде Тамара Дүйсенова соңғы 10 жылда солтүстік өңірлерден, орталық және Шығыс Қазақстаннан 230 мың адам көшіп кеткенін атап өтті. Сарапшылардың болжамы бойынша, 2030 жылға қарай республиканың осы аймақтарында еңбекке қабілетті халық саны 168 мың адамға қысқаруы мүмкін.

«Халықты ұтымды қоныстандыруды қамтамасыз ету және өңіраралық сәйкессіздікке жол бермеу үшін мемлекет жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру мақсатында азаматтарды ерікті түрде көшіру шараларын қолға алған.

Қоныс аударушыларға көшуге материалдық көмек беріледі, тұрғын үйді жалға алуға субсидиялар бөлінеді, жұмыспен қамтамасыз етіліп, кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіледі. Осы жылдың 7 айында жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге 3,8 мың адамнан тұратын 1 147 отбасы немесе осы жылға жоспарланған көрсеткіштердің 47 %-ы көшірілді», – деді Тамара Дүйсенова.

Сондай-ақ, министр «Ашық Қазақстан 500+» көші-қон саясатының тұжырымдамасы қалыптастырылғанын хабарлады. Ол елге білікті кадрлардың келуін ынталандыруды, шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтардың құқықтарын қорғауды және ел өңірлері арасындағы демографиялық теңсіздікті жою тетіктерінің тиімділігін арттыруды көздейді.

Кездесуге қатысқан кәсіпкерлер жұмыс күші тапшы өңірлерде қандастар мен оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушыларды орналастыру тиімділігін арттыру бойынша бірқатар ұсыныстар айтты.


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив