ALTAYNEWS TV Әлем
Ауа райы
Өскемен
-36°
туман ветер 2 м/с, СВ
467.99 488.82 7.7
KZ RU

Қазақстанда баспана кезегінде тұрғандар саны 7 жылда екі есе көбейген

12.08.2022, 19:23 0 0 Мадина Амангелдіқызы

Қазақстанда жеңілдікпен мемлекеттік тұрғын үй алу үшін 614,7 мың адам кезекте тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Олардың арасында I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар бала өсіріп отырған отбасылар, Ұлы Отан соғысына қатысқандар, созылмалы аурулардың ауыр түрімен ауыратындар, зейнеткерлер, жетім балалар, көпбалалы отбасылар, мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындауда қаза тапқандардың отбасы бар. Жеңілдікпен баспана алуға мұқтаж жандар арасында ең көп үлес халықтың әлеуметтік осал топтары (40%) мен мемлекеттік қызметшілерде (35,3%).

Алайда көптеген азаматтар мемлекеттік баспананы бірнеше жыл күтуге мәжбүр. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің дерегінше, кезекте тұрғандар саны жыл сайын қарқынды өсіп келеді. 2016 жылдан қазіргі уақытқа дейін олардың саны 68,1%-ға – 365,6 мыңнан 614,7 мың адамға дейін артқан. Ең үлкен өсім 2017 жылы байқалған, бұл жылы кезекте тұрған адамдар саны 62,8 мың адамға немесе 17,2%-ға өскен.

Жалпы 2016 жылдан бері кезекте тұрғандар саны жыл сайын орта есеппен 11%-ға өсіп отырған, тек 61 мың адам ғана баспанамен қамтылған. Оның негізгі себебі – мемлекеттік баспананың жеткілікті көлемде салынбауы. 2016-2022 жылдары 10,7 млн шаршы метр баспана жеңілдікпен пайдалануға берілді. Бір пәтердің ауданы шамамен 60 шаршы метр деген болжамға сүйенсек, бұл кезеңде шамамен 177,6 мың пәтер немесе жыл сайын 25-30 мың пәтер салынған. Мұндай көрсеткіш кезекте тұрғандарды емес, олардың жыл сайынғы өсімін де қамтамасыз ете алмайды.

Кезекте тұрғандардың тез көбеюі мен жеңілдікті баспананың жетіспеушілігінен бөлек, алыпсатарлық та ахуалды қиындата түседі. Мемлекеттік баспана бағасы нарықтағы бағадан едәуір арзан болғандықтан, пәтерлерді кезектен тыс заңсыз алу және оны әрі қарай үстеме бағамен қайта сату жағдайлары кездеседі. Кезекке заңсыз қою – жалғыз мәселе емес. Мемлекеттік баспананы үшінші тұлғаларға жалға беру, мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтерлерді заңсыз бөлу, сондай-ақ нарықта жеңілдікпен берілген баспананы қымбат бағаға қайта сату жағдайлары байқалады. Осылайша, мемлекеттік қолдауды қажет етпейтіндер жеңілдікпен пәтер алады.

Осындай проблемаларды шешу үшін мамандар мен еліміздің кәсіби қоғамдастығы Сингапурдың тәжірибесін мысалға келтіреді, онда баспана кезегінде тұрғандармен проблема салыстырмалы түрде қысқа мерзімде шешілді. Сингапурдағы мемлекеттік баспана Тұрғын үй құрылысы және даму жөніндегі кеңестің (HDB) басқаруында болады және 99 жылдық жалдау шарты жасалады. Жылжымайтын мүлікті Сингапур азаматтарына ғана сату мүмкіндігі бар және ел халқының 80% - дан астамы HDB салған пәтерлерде тұрады, мұндай пәтерлердің саны 2021 жылы шамамен 1,1 млн-ға жеткен.

Сингапурда қолжетімді баспананың жабық экожүйесі құрылған, онда жеңілдікті жылжымайтын мүлікті тек азаматтардың белгілі бір санаттары ғана алады. Тұрғын үйді сату мүмкіндігі бар, бірақ тек осы экожүйенің ішінде және белгілі бір уақыт өткеннен кейін сату керек, мұндай баспана туралы алыпсатарлыққа жол берілмейді. Сонымен бірге, Сингапурде пәтерді сатуға немесе жалға беруге болатын халықтың мұқтаж санаттары үшін мемлекеттік баспананың қайталама нарығы бар.

Сингапурдың тәжірибесі Қазақстан үшін тұрғын үй қатынастарын қатаң реттеу, нарықты мемлекеттік тұрғын үй және жеке девелоперлерден тұрғын үй деп екіге бөлу бойынша үлгі бола алады. Бұл тәсіл ауқымды сұранысты қанағаттандыру үшін мемлекеттік тұрғын үйді «жинақтауға» мүмкіндік береді. Бұл Саясат Сингапурға баспана алу деңгейін 91%-ға жеткізуге көмектесті, бұл әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

Сондай-ақ, кәсіби қоғамдастықтың пікірінше, елімізде тұрғын үй нарығын бөлу моделін енгізу кезекте тұрғандарға баспана беру қарқынына қолайлы әсер етуі мүмкін. Бөлінген нарықта кезекте тұрған адам алған мемлекеттік баспана жабық нарық ішінде тек сондай кезекте тұрған адамға сатылуы мүмкін. Сонымен қатар, бұл нарықтағы бағалар мен басқа да жағдайлар жеке заңнамалық актілермен реттелетін болады. Осылайша жеңілдікті баспана алыпсатарлығы азаяды және шын мәнінде тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды қамту мүмкіндігі пайда болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Тіркелу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Соңғы жаңалықтар

Бүгін, 16:40 Тоғызқұмалақта топ жарғандар марапатталды – ШҚО Бүгін, 16:00 Өскеменде «ІТ-хакатон» байқауының жеңімпаздары марапатталды Бүгін, 15:22 ШҚО-да аязды күндері 6 өрт оқиғасы болды Бүгін, 14:30 Ұлан тұрғыны: Адвокат болуға қандай талаптар қойылады? Бүгін, 14:26 Желтоқсанда күн райы жылына бастайды - ШҚО Бүгін, 12:26 Зайсанда жоғалып кеткен шопандар табылды Бүгін, 12:00 Ел күткен өзгеріс енді басталады – Алима Ақылбекқызы Бүгін, 11:10 Орталық алаңға Аяз ата мен Ақшақар орнатылады – Өскемен Бүгін, 10:48 Екінші ауысым оқушылары қашықтықтан оқиды – ШҚО Бүгін, 10:46 Алматы-Өскемен тасжолындағы жекелеген учаскелер жабылады Бүгін, 09:04 Қатты аяздан тармвайдың сымы үзіліп кеткен – Өскемен Кеше, 18:03 ШҚО-да көліктің екі түрінің қозғалысына тыйым салынды Кеше, 17:41 Зайсан ауданында жүргізушілер аязда үсіп қала жаздады Кеше, 16:26 Өскеменде бірінші ауысымдағы оқушылар сабаққа бармайды Кеше, 15:23 Шығыста 42 градусқа дейін аяз болады Кеше, 14:19 ШҚО-да қолайсыз метеорологиялық жағдайлар жалғасады Кеше, 13:03 Облыстық маңызы бар тас жол ашылды - ШҚО Кеше, 12:22 ШҚО-ның тас жолдарындағы ахуал Кеше, 11:50 Республикалық маңызы бар тас жол ашылды – ШҚО Кеше, 10:01 Тарбағатай ауданында автокөлік қар құрсауында қалды Кеше, 09:00 ШҚО-да тағы да жол жабылды 26.11.2022, 17:02 Өскеменде 35 градусқа аяз түседі 26.11.2022, 16:11 Екі қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі - ШҚО 26.11.2022, 15:00 ШҚО-да қар көшкіні болды 26.11.2022, 14:27 Қазақстанда жолдардың сапасын арттыру мақсатында IT-шешім ұсынылды