ALTAYNEWS TV Әлем
Ауа райы
Өскемен
-35°
туман ветер 1 м/с, С
467.99 488.82 7.7
KZ RU

ШҚО-да NEET санатындағы жастар саны қысқаруда

12.08.2022, 18:15 0 0 Мадина Амангелдіқызы

2022 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысында 15-28 жас аралығындағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі 6,7% - ды құрады. Айта кету керек, ШҚО-да NEET үлесінің ең жоғары көрсеткіші 2020 жылдың 2 тоқсанында пандемия кезеңінде байқалды және 8,6% құрады. Бүгінгі таңда көрсеткіштер төмендеуде, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жалпы, NEET санатындағы жастар деген кімдер? "NEET" ұғымы – "no tin Employment, Education or Training" – "жұмыс істемейтін, оқушы емес және жұмыс табуға тырыспайтын" дегенді білдіреді.

Үш жыл бойы өңірімізде "NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру" жобасы аясында NEET санатындағы жастар кешенді зерттелуде.

Осы уақыт ішінде "Жастарға кеңес" консультациялық орталықтарының жұмысы аясында Шығыс Қазақстанның барлық қалалары мен аудан орталықтарында NEET санатындағы жастар арасынан 872 адам мемлекеттік бағдарламалар мен жастарды қолдау шаралары бойынша кеңес алды.

Осы ретте ШҚО бойынша NEET санатындағы жастар базасын қалыптастыру бойынша динамиканың төмендеуі байқалады. Егер 2021 жылы базаға 2175 адам кірсе, 2022 жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша бірыңғай базаға NEET санатындағы жастар қатарынан 1449 адам кірді.

Топтық семинарлар шеңберінде оқыту компонентімен облыстың барлық қалалары мен аудандарынан NEET санатындағы жастармен жұмыс істейтін мамандар қатарынан 209 адам қамтылды.

NEET санатындағы жастардың азаматтық белсенділік мектебіне, команда құруға және әлеуметтік жобалар жасауға қатысуы қызықты тәжірибе болды. Жоба қорытындысы бойынша үш жыл ішінде 90 адам оқытылып, 10 адам өздерінің әлеуметтік жобаларын іске асыру үшін гранттық қолдау алды. Жастар 3 күн бойы әлеуметтік жобалар жасауды үйренді, табысқа жеткен адамдармен танысты, командада жұмыс істеуге дағдыланды және өз уақытын мақсаттарына жету үшін тиімді пайдаланды.

Сарапшылар қоғамдастығы үш жыл ішінде және 200-ден астам адам құрамында жұмыс топтары мен диалог алаңдарының жұмысы шеңберінде жұмыссыздықтың себептерін талқылауға белсенді қатысып, NEET санатындағы жастармен тиімді жұмыс істеу бойынша 30-дан астам ұсынымдар әзірледі.

Жастардың осы тобын кешенді зерттеу жөніндегі жобаны іске асырудың маңызды құрауыштарының бірі - NEET санатындағы жастардың проблемалары мен перспективалары бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізу. Әлеуметтік зерттеу Шығыс Қазақстанның барлық қалалары мен аудандарын қамтыды. 2020 жылдан бастап NEET санатындағы жастар арасынан 2000-нан астам адамнан сұхбат алынды. Социологиялық бөлімнің қорытындысы бойынша атқарушы органдарға, білім беру мекемелеріне және үкіметтік емес ұйымдарға ұсынымдар берілді.

Әлеуметтік желілер арқылы еңбек және мамандық бойынша жұмыс туралы дұрыс түсінік қалыптастыру бойынша 6-дан астам бейнеролик іске қосылды.

Осылайша, "NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру" жобасы аясында үш жыл бойы проблемаларды тереңірек зерттеуге және түсінуге, сондай-ақ әлеуметтендіру үшін мүмкін болатын шешімдерді табуға мүмкіндік беретін кешенді жұмыс жүргізілді. Бұл тақырып NEET санатындағы жастармен одан әрі зерттеуді және жаңа формалар мен әдістерді іздеуді қажет етеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Тіркелу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Соңғы жаңалықтар

Кеше, 16:40 Тоғызқұмалақта топ жарғандар марапатталды – ШҚО Кеше, 16:00 Өскеменде «ІТ-хакатон» байқауының жеңімпаздары марапатталды Кеше, 15:22 ШҚО-да аязды күндері 6 өрт оқиғасы болды Кеше, 14:30 Ұлан тұрғыны: Адвокат болуға қандай талаптар қойылады? Кеше, 14:26 Желтоқсанда күн райы жылына бастайды - ШҚО Кеше, 12:26 Зайсанда жоғалып кеткен шопандар табылды Кеше, 12:00 Ел күткен өзгеріс енді басталады – Алима Ақылбекқызы Кеше, 11:10 Орталық алаңға Аяз ата мен Ақшақар орнатылады – Өскемен Кеше, 10:48 Екінші ауысым оқушылары қашықтықтан оқиды – ШҚО Кеше, 10:46 Алматы-Өскемен тасжолындағы жекелеген учаскелер жабылады Кеше, 09:04 Қатты аяздан тармвайдың сымы үзіліп кеткен – Өскемен 27.11.2022, 18:03 ШҚО-да көліктің екі түрінің қозғалысына тыйым салынды 27.11.2022, 17:41 Зайсан ауданында жүргізушілер аязда үсіп қала жаздады 27.11.2022, 16:26 Өскеменде бірінші ауысымдағы оқушылар сабаққа бармайды 27.11.2022, 15:23 Шығыста 42 градусқа дейін аяз болады 27.11.2022, 14:19 ШҚО-да қолайсыз метеорологиялық жағдайлар жалғасады 27.11.2022, 13:03 Облыстық маңызы бар тас жол ашылды - ШҚО 27.11.2022, 12:22 ШҚО-ның тас жолдарындағы ахуал 27.11.2022, 11:50 Республикалық маңызы бар тас жол ашылды – ШҚО 27.11.2022, 10:01 Тарбағатай ауданында автокөлік қар құрсауында қалды 27.11.2022, 09:00 ШҚО-да тағы да жол жабылды 26.11.2022, 17:02 Өскеменде 35 градусқа аяз түседі 26.11.2022, 16:11 Екі қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі - ШҚО 26.11.2022, 15:00 ШҚО-да қар көшкіні болды 26.11.2022, 14:27 Қазақстанда жолдардың сапасын арттыру мақсатында IT-шешім ұсынылды