Өскемен
-24°
плотный туман Штиль
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Аягөздегі әскери бөлімдер жас мамандармен толықты

12.08.2022, 17:43 4 0 Мадина Амангелдіқызы

Аягөз гарнизонына қарайтын әскери бөлімдердің қатары жоғарғы әскери оқу орындарын және әскери кафедра мен колледж бітірген жас мамандармен толықты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Білім ордасынан 2022 жылдың жазында бітірген жас офицерлер мен сержанттар Қарулы күштердегі қызмет жолына ресми түрде кірісуде. Қазіргі таңда жас мамандар жеке құраммен танысып, қызмет процеске кірісу үшін оларға әскери бөлімдерден тәжірибелі офицерлер мен кәсіби сержанттары тәлімгер етіп тағайындалуда. Жаңа ұжымға қосылуға, әскери бөлімнің қызметін зерттеуге бөлім командирлері көмектесетін болады.

Аягөз гарнизонының баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл әскер қатарын әдеттегідей Қарулы күштер үшін офицер кадрлардың негізгі ордасы саналатын қазақстандық әскери жоғары оқу орындары мен Щучинск қаласындағы кәсіби сержанттарды оқытатын әскери коллдежі түлектері толықтырғанын атап өткен жөн. Қазіргі уақытта Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдері мен құрамаларында басым көпшілігі Құрлық әскерлері әскери институтының түлектері және Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтын бітірген жас лейтенанттар іске кірісуде.


– Мен офицер атанып, Қазақстан әскерінің офицерлерімен бір қатарға тұратын сәтті көп күттім. Алдағы уақытта жақындарым мен командирлерімнің үмітін ақтауға тырысамын. Елімнің игілігі мен Отанға қызмет ету жолында абыроймен қызмет етемін», – деді Құрлық әскерлері әскери институтының түлегі лейтенант Мұхаммедәлі Икрам.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив