Өскемен
-16°
небольшая облачность ветер 3,1 м/с, СВ
472.14 498.39 7.65

Өскеменде № 1 емхананың жаңа филиалы ашылады

12.08.2022, 17:34 6 0 Мадина Амангелдіқызы

Жақын арада Өскемендегі № 1 емхананың жаңа филиалы ашылады. Емханалық бөлімше Протозанов 1/1 мекенжайы бойынша орналасқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ғимараттың қасбеті, шатыры жөнделіп, терезе блоктары, инженерлік коммуникациялары ауыстырылды. Емхана ішінде әрлеу жұмыстары да толық көлемде аяқталды.

Бұл отбасылық денсаулық орталығы осы маңдағы аудандардың тұрғындары үшін көрсетеді, яғни ересектерге де, балаларға да.

Жаңа ғимаратта бірнеше функционалды аймақтар жұмыс істейді: жалпы тәжірибелік дәрігер кабинеті, гинеколог, емшара, екпе кабинеттері. Сондай-ақ функционалдық диагностика үшін арнайы жабдықтар орнатылған.

298450153_132039942866848_5795160745010101248_n.jpg


-"Филиалдың ашылуы бізге негізгі емханаға түсетін жүктемені айтарлықтай жеңілдетуге, пациенттер ағынын бөлуге, тұрғылықты жердің жанында медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруға, облыс орталығының тұрғындары үшін жайлылық пен қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді", – дейді Өскемен қаласының № 1 емханасының бас дәрігері Айман Мырамытова.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив