Өскемен
-8°
снег Штиль
458.69 501.3 6.52

ШҚО-да «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

11.08.2022, 12:23 14 0 Мадина Амангелдіқызы

Ағымдағы жылдың 19 шілдесі мен 18 тамызы аралығында Шығыс Қазақстан облысында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Бұл шараның мақсаты көліктегі жазатайым оқиғалардың деңгейін және жол-көлік оқиғаларының ауыр салдарын төмендету болып табылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Шара аясында жол қозғалысын қадағалау және жол-көлік оқиғаларына әкеп соқтыратын жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуды анықтау жұмыстары күшейтілді.

Ағымдағы жылдың 10 тамызындағы жағдай бойынша облыс аумағында 240 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 24 адам қаза тауып, 330-ы әртүрлі ауырлықтағы жарақат алған.

Облыс аумағында жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 11500-ден астам әкімшілік хаттама толтырылған.

- масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін 78 жүргізуші ұсталды;
- жаяу жүргіншілер қозғалысына мүмкіндік бермегені үшін 815 әкімшілік хаттама толтырылды;

- 181 көлікті пайдалануға тыйым салынды, оның ішінде 158 көлік мамандандырылған тұраққа орналастырылды.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Сергек-Қорғау» қосымшасы пилоттық режимде пайдаланылады, оның көмегімен жол қозғалысы ережелерін тұрақты бұзушылар анықталады.

Мәселен, Өскемен қаласының аумағында аталған қосымша пайдалана отырып 139 көлік ұсталды, олар бойынша 9 млн теңгеге жуық сомаға 415 жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі тіркелді, оның ішінде:
- 3 млн теңгеден астам сомаға 119 жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталған сақтандыру полистері жоқ 69 шетелдік автокөлік;
- 6 автокөлікті жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерімен басқарғаны үшін.

ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы жүргізушілерді жолда жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады, сондай-ақ жолдарда өзара сыпайы болуды еске салады. Уақытты үнемдеуге тырысқан жол қозғалысы қатысушылары өздеріне ғана емес, айналадағы азаматтарға да қауіп төндіреді.

Есіңізде болсын, жол ережесін сақтау – жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кепілі!

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив