Мектептерде сабақ тоқтатылды – ШҚО

Шығыс Қазақстан облысындағы қала-аудан мектептерінде аязға байланысты сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
ТЖД ақпараты бойынша, бүгін Семей, Риддер қалалары мен Глубокое, Бесқарағай, Жарма, Бородулиха, Ұлан, Шемонайха аудандарында 1-2 курстағы колледж студенттері мен 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқиды. Сондай-ақ Өскеменде және Аягөз ауданында 0-9 сынып, Алтай ауданында 1-4 сынып оқушылары мектепке бармайды.
Айта кетейік, облыс орталығында ауа температурасы – минус 33 градус.
53
0
0
Сонымен қатар оқыңыз