Семейде 17 жастағы жас жігіт көпірден секіріп кетті

Кеше Семейде 17 жастағы жас жігіт көпірден секіріп, қайтыс болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қайғылы оқиға қаланың оң жақ бөлігінде орналасқан көпірде сағат 17:30 кезінде болған. Әлеуметтік желіде оның бейнежазбасы таралып кетті.
ШҚО Полиция департаменті нің мәліметі бойынша, Орталық полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 105-бабы 3-бөлімінің 1-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамы - Кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
189
0
0
Сонымен қатар оқыңыз