Өскемен
-15°
туман ветер 1 м/с, С
459.92 501.31 6.62

ШҚО-да Әдеп жөніндегі Кеңестің төрағасы тағайындалды

13.01.2021, 10:01 7 0 Оразай Жеңісұлы

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі Кеңестің төрағасы лауазымына Нұрлан Тәңірбердіұлы Еркебаев тағайындалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Нұрлан Тәңірбердіұлы 1977 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. Еңбек жолын 2000 жылы білім беру саласында бастаған. Жамбыл облысында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Мәселен Жуалы ауданы әкімі аппаратының бас маманы, аппарат басшысы, аудан әкімінің кеңесшісі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы.

Соңғы лауазымы – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Стратегиялық әзірлемелер және Халықаралық бағдарламалар басқармасының бас консультанты.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив