ALTAYNEWS TV Әлем
Ауа райы
Өскемен
-36°
туман ветер 2 м/с, СВ
467.99 488.82 7.7
KZ RU

Мектептерде жөндеу жұмыстары аяқталып келеді - Алтай ауданы

7.08.2022, 00:17 0 0 Оразай Жеңісұлы

Бүгінгі таңда Алтай ауданындағы білім ошақтары ғимараттарын жөндеу жұмыстары тәмамдалып келеді. Бұл туралы аудан әкімдігі хабарлады.

Оқу жылы аяқталғаннан кейін мектептерді бірден келесі оқу жылына дайындай бастайтыны белгілі. Биыл да мұндай жұмыстар аудан аумағында дәстүрлі түрде жалғасын тапты. Осы ретте Алтай ауданы әкімінің орынбасары Жанна Асқарова, білім бөлімінің техникалық қадағалау инженерімен және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен Алтай қаласындағы мектептердегі жөндеу жұмыстарын бақылап қайтты.

Мектеп ғимаратының оқушылар үшін жайлы болуы көбінесе инженерлік желілердің жағдайына байланысты екені бесенеден белгілі. Бүгінде осы бағыттағы жұмыстар қаладағы бірнеше мектепте қолға алынған. Атап айтсақ, дәл қазіргі уақытта он жылдан бері жылу жүйесі ауқымды жөндеу көрмеген Алтайдағы №9 орта мектептің бірінші қабатындағы жылыту батареяларын ауыстыру жұмыстары басталған. Оған қоса, мектеп ішін әрлеу жұмыстары да қатар жүргізілуде.

Сонымен қатар қаланың №11 орта мектебінде де осындай жұмыстар аяқталуға жақын. Мқнда жақында жасы кіші балаларға арналған әжетханаларды жөндеу жұмыстары аяқталып, информатика кабинеті жаңартылды. Мектептегі білім беруді ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында жабдықталған кабинет мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастырып, ақпараттық технологияларды дамыту орталығына айналатыны сөзсіз.

– Бүгін біз қала мектептеріндегі жөндеу жұмыстары барысын өз көзімізбен көру үшін нысандарды аралап қайттық. Жалпы жөндеу жұмыстары жақсы жүріп жатыр, мердігерлер белгіленген мерзімге сай жұмыстарды аяқтайды деп ойлаймын, – дейді аудан әкімінің орынбасары Жанна Асқарова.

Сондай-ақ, аудан аумағындағы орта білім ордаларындағы мектеп оқушыларының қауіпсіздігіне де ерекше көңіл бөлінетінін атап өткен ол, мектептерге қауіпсіздік қызметі енгізіліп, бейнебақылау жүйесі мен турникеттер орнатылғанын хабарлады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Тіркелу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Соңғы жаңалықтар

Кеше, 16:40 Тоғызқұмалақта топ жарғандар марапатталды – ШҚО Кеше, 16:00 Өскеменде «ІТ-хакатон» байқауының жеңімпаздары марапатталды Кеше, 15:22 ШҚО-да аязды күндері 6 өрт оқиғасы болды Кеше, 14:30 Ұлан тұрғыны: Адвокат болуға қандай талаптар қойылады? Кеше, 14:26 Желтоқсанда күн райы жылына бастайды - ШҚО Кеше, 12:26 Зайсанда жоғалып кеткен шопандар табылды Кеше, 12:00 Ел күткен өзгеріс енді басталады – Алима Ақылбекқызы Кеше, 11:10 Орталық алаңға Аяз ата мен Ақшақар орнатылады – Өскемен Кеше, 10:48 Екінші ауысым оқушылары қашықтықтан оқиды – ШҚО Кеше, 10:46 Алматы-Өскемен тасжолындағы жекелеген учаскелер жабылады Кеше, 09:04 Қатты аяздан тармвайдың сымы үзіліп кеткен – Өскемен 27.11.2022, 18:03 ШҚО-да көліктің екі түрінің қозғалысына тыйым салынды 27.11.2022, 17:41 Зайсан ауданында жүргізушілер аязда үсіп қала жаздады 27.11.2022, 16:26 Өскеменде бірінші ауысымдағы оқушылар сабаққа бармайды 27.11.2022, 15:23 Шығыста 42 градусқа дейін аяз болады 27.11.2022, 14:19 ШҚО-да қолайсыз метеорологиялық жағдайлар жалғасады 27.11.2022, 13:03 Облыстық маңызы бар тас жол ашылды - ШҚО 27.11.2022, 12:22 ШҚО-ның тас жолдарындағы ахуал 27.11.2022, 11:50 Республикалық маңызы бар тас жол ашылды – ШҚО 27.11.2022, 10:01 Тарбағатай ауданында автокөлік қар құрсауында қалды 27.11.2022, 09:00 ШҚО-да тағы да жол жабылды 26.11.2022, 17:02 Өскеменде 35 градусқа аяз түседі 26.11.2022, 16:11 Екі қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі - ШҚО 26.11.2022, 15:00 ШҚО-да қар көшкіні болды 26.11.2022, 14:27 Қазақстанда жолдардың сапасын арттыру мақсатында IT-шешім ұсынылды