Өскемен
+34°
переменная облачность ветер 2 м/с, СЗ
444.85 477.19 5.42

Халық қарсы. ШҚО-да шошқа фермасы салынбайтын болды

21.12.2020, 13:00 69 0 Оразай Жеңісұлы

«Ұлан ауданы, Айыртау ауылының іргесіне, 50 гектар жерге, шошқа фермасы салынады...». Бірнеше күн бұрын осындай ақпарат тарап, айыртаулықтар өре түрегелген еді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бүгін редакцияға хабарласқан ауыл тұрғындарының бірі: 

– Жайылымға жер жоқ. Сол үшін мал-сұлды жыл он екі ай қолға қаратып отырмыз. Ал «талпақтанау»  шаруашылығына келгенде, тар  өріс кеңейіп, елу гектар жер берілмек екен. Бұл не әңгіме, – деді.

Енді бірі:

– Айыртауда – түгел қазақ түтіні. Ал аудан басшылығы айтып отырған шаруашылық дінімізге, ділімізге, жат дүние. Сондықтан «халық жұмыспен қамтылады» деген» бос сөз. Онда еңбек етуге біреу-міреу барады деп ойламаймын, – деді. 

Осыдан кейін біз Ұлан ауданының әкімдігіне хабарластық.

– Инвесторлар тарапынан ферма салу туралы ұсыныс айтылғаны рас. Аудан әкімі халықпен кездесіп, алдынан өтті. Тұрғындар үзілді-кесілді қарсы. Демек ешқандай да ферма салынбайды, – деп жауап берді Ұлан ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрқат Садықов.

69
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив