KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 10 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Тағы бір Өскемен тұрғынынан есірткі тәркіленді

6.08.2022, 10:45 89

Өскеменде полиция қызметкерлері 31 жастағы қала тұрғынынан 50 граммға жуық марихуана тәркіледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Ғарыш көшесін патрульдеп жүріп, іс-әрекеті күдік тудырған азаматтың соңына түстік. Мұнымызды аңғарған ол, жасырынып қалуға тырысты. Дегенмен оны тоқтатып, тінту жүргіздік. Соның нәтижесінде өсімдік тектес заты бар полиэтилен пакет пен жасыл түсті заты бар қағаз түйіншек тәркіленді, – дейді тәртіп сақшылары.

Сараптамадан кейін тәркіленген заттардың салмағы 46,16 грамм кептірілген марихуана екені белгілі болды. Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив