Өскемен
-24°
плотный туман Штиль
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Ерұлан Жамаубаев: ШҚО - ерекше мейірімді және тыныш аймақ

5.08.2022, 22:47 18 0 Мадина Амангелдіқызы

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сапар барысында ол облыс әкімінің міндетін атқарушы Алмасхан Сматлаевтың 2022 жылдың жеті айындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндамасын тыңдап, жұртшылықтың сұрақтарына жауап берді және азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

WhatsApp Image 2022-08-05 at 20.44.51 (3).jpeg

Алмасхан Сматлаевтың айтуынша, бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан дамудың жақсы қарқынын көрсетіп отыр, көптеген көрсеткіштер орташа республикалық көрсеткіштен жоғары екен. Ол, сондай-ақ, өнеркәсіп және аграрлық салаларда, денсаулық сақтау және білім беру салаларында іске асырылған және іске асырылып жатқан жобаларға тоқталды.

Алмасхан Сматлаев бүгінде Алтай ауданында не істеліп жатқаны туралы егжей - тегжейлі айтып берді. Мұндағы Алтай қаласында көп қабатты 60 пәтерлі үй және "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы бойынша жер үйлер салынуда, бассейні бар денешынықтыру-сауықтыру кешенін салу жоспарланған. Елді мекендер ішінде де, одан тыс жерлерде де көшелерге орташа жөндеу жүргізілуде. Мысалы, Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы демалыс базаларына жолдар салынуда. ЕҚҚДБ-мен ынтымақтастық аясында көшені жарықтандыру жүйесін жаңғырту жүргізілуде, 1300 жарық нүктелері орнатылады.

 

- Мұндай тыныш және достық атмосферадағы кездесулер жақсы тәжірибеге айналуы тиіс,-деп атап өтті құттықтау сөзінде Премьер-Министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев. - Дәл осы жерде біз халықтың проблемалары туралы білетін боламыз. Өңір жақсы нәтижелер көрсетуде, қазір біздің алдымызда негізгі міндет тұр - бағаны ұстап тұру. Біз алдымызға келесі жылы инфляция көрсеткішін 4-5 пайызға дейін төмендету мақсатын қойып отырмыз. Мұның бәрі халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін жасалуда.


ҚР Қаржы министрі Ұлттық қордың жұмысына да тоқталып өтті. Бұл қордың негізгі міндеті - коронавирустық пандемия және қаңтардағы оқиғалар сияқты қиын сәттерде ел экономикасын тұрақтандыру. Сондай-ақ, ол кәсіпкерлермен үлкен жұмыс жүргізіліп жатқанына, тексерулерге жарияланған мораторийді тағы бір жылға ұзарту жоспарланғанына назар аударды.


- Бизнеске түсінікті ойын ережелері қажет, - деді Ерұлан Жамаубаев. - Бұл тексеруші органдар тексерудің орындылығын дәлелдеуі тиіс, оған қоса Бас прокуратурадан рұқсат алу керек.


Премьер-Министрдің орынбасары жұртшылықтың сұрақтарына да жауап берді. Олардың бірі АЕК мөлшерінің өзгеруіне қатысты болды. Бұл жерде айыппұлдар мен өсімпұлдар үшін көрсеткіш 3063 теңге мөлшерінде бұрынғы деңгейде қалғанын, ал зейнетақылар мен жәрдемақыларды индекстеу үшін ол 3180 теңгеге дейін ұлғайғанын айта кету маңызды.


Сапар соңында Ерұлан Жамаубаев журналистер үшін брифинг өткізіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Брифинг барысында ол бұл оның Шығыс Қазақстанға алғашқы сапары емес екенін айтты.

WhatsApp Image 2022-08-05 at 20.44.51 (1).jpeg


- Мен үшін бұл өте мейірімді адамдар тұратын ерекше аймақ, - деді министр. - Елдің еш жерінде жоқ, керемет табиғаты, ерекше өсімдіктері, ресурстардың бай қоры бар. Мүмкін, сондықтан бұл жерде әрқашан достық атмосфера орнайды.


Сондай-ақ, Ерұлан Жамаубаев Facebook-тегі жеке парақшасы арқылы да, ҚР Қаржы министрлігінің әлеуметтік желілері арқылы да диалог үшін әрдайым ашық екенін атап өтті.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив