Өскемен
-24°
плотный туман Штиль
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Азық-түлік бағасын негізсіз көтерген өңірлер анықталды

5.08.2022, 17:54 5 0 Мадина Амангелдіқызы

Бір аптада ел бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын негізсіз көтерудің 734 фактісі анықталды. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соңғы аптада 40,3 мың дүкенге рейд жүргізілді. Нәтижесінде азық-түлік бағасын негізсіз көтерген 734 дүкен анықталды. Әлеуметтік маңызы бар тауарларды қымбат бағамен сатқаны туралы деректер көбіне Нұр-Сұлтан қаласы (278) мен Шығыс Қазақстан облысында (80) тіркелді. Одан әрі Түркістан облысында – 38, Батыс Қазақстан облысында – 33, Қостанай және Маңғыстау облыстарында – 32, Жетісу облысында – 30 дүкен тауарға үстеме құн қосқан. Мұндай фактілер ең аз анықталғаны – Ұлытау облысында. Онда бағаны негізсіз көтергендер туралы 6 жағдай тіркелді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына қосылған үстеме 15 пайыздан асса, онда 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатынын ескертеміз», - делінген баспасөз мәліметінде.

Құзырлы орган рейд қорытындысы бойынша ішкі сауда субъектілеріне қатысты ескерту түрінде 126 әкімшілік хаттама толтырылып, 1 айыппұл салған. Ал көпшілік сауда объектілері түсіндіру жұмыстарынан кейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын 5-15 пайызға дейін төмендеткен. Еске салайық, бұған дейін елордада азық-түлік белдеуін дамытудың жаңа бағдарламасы әзірленіп жатқанын хабарлап едік.

 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив