KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Өскемен: кәсіп бастаушыларға биыл 174 грант беріледі

4.08.2022, 17:05 221

Кәсіпкерлікті дамытуды көздейтін «Еңбек» бағдарламасы облыс орталығында бес жылдан бері сәтті жүзеге асырылып келеді. Соның нәтижесінде жас кәсіпкерлер мемлекеттен қаржылық қолдау тауып, ісін ілгерілетіп жүр. Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ақпаратына сүйенсек, биыл бизнес бастауға ниеттілерге тағы екі жүзге таяу грант берілмек.

«2022 жылы 213 миллион теңгеден астам сомаға 174 грант беру жоспарланған. Оның ішінде 89 грант жастарға беріледі. Бұл дегеніміз – 100 миллион теңгеден астам қаражат. Тағы 104 миллион теңгенің 85 грантына әлеуметтік осал топ өкілдері ие болады», - деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары.

Ал өткен жылы тың бизнес-идеяларды іске асыруға 110 грант, 64 миллионнан астам теңге бөлінген.

«Былтыр бұл гранттар көп балалы отбасыларға, АӘК алушыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға және жастарға берілді», - деді бөлім мамандары.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив