KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, З
447.4 477.55 4.76

"Несие алуға мәжбүрлеген" Өскеменде офицерге қатысты тергеу жүріп жатыр

4.08.2022, 11:51 89

Өскеменде әскери қызметшінің анасы баласының қорлық көргені туралы айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.⠀

Әлеуметтік желілерде әйел адамның аудио хабарламасы тарады. Айтуынша, рота командирі оның ұлын несие алуға және үйіне азық-түлік әкеліп тұруға мәжбүрлеген. Онымен қоймай енді өлтіремін деп сес көрсететін көрінеді.

Әскери қызметшінің анасы ұлы мен рота командирінің арасында болған әңгіменің жазбасын әскери прокуратураға жіберіп, офицерге психологиялық сараптама жүргізуді сұраймын, дейді.

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі бұл мәселеге қатысты дереу жауап берді.

- Аталған факт АЕК-де тіркелген. Әскери полиция және «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы барлық фактілер бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта 5518 әскери бөлімінің әскери қызметшісі лауазымынан шеттетілді. Тексеру қорытындысы бойынша қосымша хабарланатын болады, - деді ҚР Ұлттық Ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің басшысы Бағдат Амангелді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив