KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 2,5 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Алтай қаласында су құбырын тарту жұмыстарының 90%-ы аяқталды

17.10.2022, 15:59 100

Алтай ауданына қарасты екі ауылда су құбыры желілерін тарту жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы аудан әкімі Ернар Мұстафин өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде айтып берді.

Жаңартылған су құбыры желісінің жалпы ұзындығы 180 шақырымнан асатын көрінеді.

-        Ауданымыза бірінші кезекте орталық бөліктің, ал екінші кезекте Алтай қаласының батыс бөлігінің су құбыры желісін  реконструкциялау бойынша жалпы ұзындығы 185 шақырым болатын ірі инвестициялық жобаны іске асыру жалғасуда. Жұмыстардың шамамен 90%-ы орындалды, - дейді аудан әкімі Ернар Мұстафин.

Сонымен қатар аудан әкімі ұңғымаларды орнату толықтай аяқталғанын, қазіргі уақытта мамандар желілерді тұрғын үйлерге дейін тартып, бекіту арматурасын орнатып жатқанын айтып өтті. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив