Өскемен
-15°
туман ветер 2 м/с, В
468.98 493.74 7.59

Қазақстанда биыл 35 жатақхана пайдалануға беріледі

3.08.2022, 18:44 20 0 Мадина Амангелдіқызы

Елімізде биыл 10 мың орынға арналған 35 жатақхана пайдалануға беріледі. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Биылғы оқу маусымы дәстүрлі форматта өтетіндіктен студенттерге арналған жатақханаларда орын тапшылығы туындауы мүмкін екен. Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл мәселе ірі оқу орындары көп шоғырланған мегаполистерде өзекті.

Осы ретте Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Үкіметтік жиында студенттерге арналған жатақханаларды салу барысы талқыланды.


- Ғылым және жоғары білім министрлігі облыс басшыларымен және Нұр-Cұлтан, Алматы, Шымкент қаласы әкімдерімен бірлесе 10-тамызға дейін студенттік жатақханалардағы орындарға тапсырысты әзірлеп, бекітуі, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе білім нысандарына қойылатын Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға өзгеріс енгізуі қажет, - дейді Ералы Тоғжанов.


Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Жоғары оқу орындары ректорларына барлық жатақханаларға ревизия жүргізіп, төсек орын санын ұлғайту жолдарын қарастыруды тапсырып отыр. Бұл шара қазіргі ахуалды анықтап, студенттерге уақытша тұрғын үй салу жоспарларына түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.

Министр, сондай-ақ, университеттерге жақын орналасқан жатақханалар мен қонақүйлер (хостелдер) арасында меморандум жасау тәжірибесін кеңінен қолдану қажеттігін де атап өтті.

 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив