KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 7 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Красин кентіндегі 3 шақырым жолға асфальт төселеді

3.08.2022, 17:22 48

Өскемен әкімі Красин кентіне барып, жоспарланған жұмыстарды тұрғындармен бірге талқылады. Биыл мұндағы көшелерді асфальттауға қосымша қаражат бөлінген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Осы жылы су құбырларын қайта құру жобасына жұмсалатын қаражаттан бөлек көшелерді асфальттауға қосымша қаражат бөліп отырмыз. Соның нәтижесінде ұзындығы 3,1 шақырым болатын 8 учаске жөнделеді. Осы аптада мердігер анықталады. Содан кейін бірден жұмыс басталады, – деді қала әкімі Жақсылық Омар.

Оның айтуынша, кенттегі тағы 14 көшеге қиыршық тас төгу үшін қосымша 30 миллион теңге бөлінген. Бүгінге дейін үш көшеде жұмыс аяқталыпты.

Өткен жылы кент көшелеріне 665 жаңа шам орнатылған еді. Биыл тағы төрт учаскеге 39 жарық нүктесі орнатылады.

– Оған қоса жергілікті мектептің аумағында хоккей-футбол қорабы мен спорт алаңын орнату бойынша жұмыстар басталып кетті. Бұл жерді кент тұрғындары өздері таңдап алған. Нысан 1 қыркүйекте пайдалануға беріледі, – деді қала басшысы.

Жалпы 2022 жылы кенттегі жұмыстарды қосымша қаржыландыру көлемі 180 миллион теңге болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив