KZ
Өскемен
-1°
небольшая облачность жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Екінші АЭС Ертіс бойына салынуы мүмкін

3.08.2022, 15:36 170

Еліміздегі екінші атом электр стансасы Ертіс өзенінің бойына салынуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов айтты.

«Бірінші станса құрылысы басталып, сәтті іске қосылған жағдайда «Қазақстанда қанша атом электр стансасы болады?» деген екінші сұрақ туындайды. Бұл сұраққа да қатысты талқылау жүргізіліп жатыр. Қазақстандағы екінші атом электр стансасы Ертіс бойында, Курчатов қаласының маңына салынуы әбден мүмкін. Егер Қазақстан көміртегі бейтараптығы жолын таңдайтын болса, онда бірнеше атом электр стансасын салғаннан басқа шығар жолы жоқ. Демек, Ертіс сөзсіз келешегі бар алаң», - деді вице-министр.

Бұған дейін, ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов еліміздегі бірінші атом электр стансасы Алматы облысындағы Үлкен елді мекенінде салынатынын айтқан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив