Өскемен
-24°
плотный туман ветер 2 м/с, С
468.9 485.64 7.7

Психолог демалыс кем дегенде неше күн болуы керектігін айтты

3.08.2022, 12:54 1 0 Мадина Амангелдіқызы
Денсаулыққа пайдалы демалыс 28 күнтізбелік күнге созылуы керек. Өйткені тек демалыстың үшінші аптасында ғана ағза ресурс жинай бастайды. Бұл туралы Ura.ru-ға психолог, эндокринолог Антон Поляков айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бірінші аптада жай демалып жатқаныңнан стресс аласың, бұған бейімделу керек. Екінші апта - адам босаңсып, психика қалпына келе бастайды. Үшінші апта қауіпсіздік резерві деп аталады", - деп түсіндірді Поляков.

Яғни, өмірдегі стрестік жағдайларға тойтарыс беретін ресурс жиналады.

"Төртінші апта - бұл бейімделу кезеңі, сіз біртіндеп өмірдің әдеттегі өмірге орала бастайсыз. Егер адам осылай демалса, бұл демалыс оған бір жылға жетеді. Психикасына да әсері мол", - деді психолог.


Ол қысқа уақыт ішінде адам демалып үлгермейтінін айтты.

"Кем дегенде үш аптадан аз демалу — біртүрлі процесс. Күйзеліс болғандықтан, бір аптада тек бұлшықет босатасыз. Содан кейін жұмысқа қайта ораласыз. Егер адам жеті күнге кетсе, онда ол демалғаннан гөрі көбірек стресс алады", — деді психолог.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив