Өскемен
-24°
плотный туман Штиль
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

ШҚО-да адам қаққан жүргізуші іздестіріліп жатыр

2.08.2022, 16:22 1 0 Оразай Жеңісұлы

Бұл оқиға Ұлан ауданындағы Айыртау ауылының маңындағы болған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Белгісіз біреу түнде жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. 35 жастағы ауыл тұрғыны болса жарақат салдарынан көз жұмды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 және 347-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

– Қылмыс жасаған адамды анықтау үшін іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, – деп мәлімдеді ШҚО ПД.

Тәртіп сақшылары тергеуге қатысты толық ақпарат жарияланбайтынын айтты.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив