Өскемен
-18°
туман ветер 2 м/с, СЗ
468.98 493.74 7.59

Серебрянск қаласында және тағы 4 ауылда жол жөндеу жұмыстары аяқталды

17.10.2022, 11:17 8 0 Ләззат Қанатқызы

Жыл басынан бері Алтай ауданына қарасты қалалар мен ауылдарда абаттандыру жұмыстары белсенді түрде жүргізілген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы өңірлік коммуикациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында аудан әкімі Ернар Мұстафин айтып берді.

Аудан басшысының айтуынша, өңірде "Ауыл ел бесігі"бағдарламасы бойынша көшелерді орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Мәселен, жақында Серебрянск қаласында және төрт бірдей ауылда жол жөндеу жұмыстары жергілікті және республикалық бюджет қаражаты есебінен аяқталды.

-        Соловьево, Малеевск, Тұрғысын, Полянское ауылдарындағы, Зубовск кентіндегі көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөнделген учаскелердің жалпы ұзындығы - 19 шақырымды құрайды. Серебрянск қаласында екі көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Алтай қаласындағы бес көше жөнделіп жатыр. Ол жұмыстар жоспар бойынша айдың соңына дейін аяқталуы керек, - деді Ернар Мұстафин.

Сонымен қатар, технологиялық трасса-Парыгино жолының орташа жөндеуі аяқталған. Ауданда осы жолдарды жөндеу жұмыстарына 600 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалған көрінеді. 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив