KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

ШҚО-да өртсөндірушілер жанып жатқан үйден миллион теңге алып шықты

22.11.2020, 14:51 169

Шығыс Қазақстан облысынданың Риддер қаласында өртсөндірушілері жанып жатқан үйден миллион теңгені алып шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Оқиғаның мән-жайын облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

– Кеше түнде Семей көшесінде үй өртенді. Оқиға болған жерге келген құтқарушыларға үй иесі іште екі газ баллоны, ақша мен құжаттар қалғанын айтқан, - деді баспасөз қызметіндегілер.

Бүкіл үйді жалын шарпығанына қарамастан, өртсөндірушілер екі баллонды, ақша мен құжаттарды тауып, сыртқа алып шыққан. Үй иесіне заттар сол жерде қайтарылды. 

Кейін өрттің шығуына жылытқын пештің дұрыс қосылмағаны себеп болғаны анықталды.


photo_74875.jpeg

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив