KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 6 м/с, З
444.32 473.33 4.76

Өскеменде көпқабатты үйде өрт шықты

22.11.2020, 11:37 215

Өскемен қаласында өрт шыққан көп қабатты тұрғын үйден 30-дан астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше түнде Крылов көшесіндегі тоғыз қабатты үйдің 4 қабатында орналасқан пәтер лоджиясында өрт шыққан. Пәтер иесі өртті өзі сөндірмек болған. Бірақ одан түк шықпаған соң, өрт сөндірушілерге хабарласыпты.

«Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар өртті сөндіруге кірісті. 34 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Зардап шеккен ешкім жоқ», – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Көп ұзамай 6 шаршы метрді аумақты шарпыған өрт өшірілді. Құтқарушылар оттың пәтер ішіне шарпуына жол бермеді. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығу себебі – тоңазытқыштың тоқ өткізгішіндегі апаттық режимінен болуы мүмкін.

 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив