KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 4 м/с, З
446.49 475.38 4.79

Өскеменге Катонқарағайдан жәрмеңке келді

21.11.2020, 16:07 187

Өскеменге Катонқарағай ауданынан ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі келді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жәрмеңке әдеттегідей Фрешмаркет сауда үйінің жанында өтті. Аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Болат Қанапиннің мәліметі бойынша, бұл жолғы жәрмеңкеге катонқарағайлықтар 1500 тонна жылқы етін, 7200 тонна сиыр етін, 600 келі қой етін әкелген. Сондай-ақ 200 келі балық, 100 келі қаз еті, 600 литр күнбағыс майы, бір жарым тонна панты өнімдері мен бал, 500 литр қымыз, 100 келі балқарағай жаңғағы, 300 данаға (шыны құтыларда) жуық жеміс-жидек тосаптары мен 130 дана қайың бейнектері сатылымда болды. Жәрмеңкеде ет бағасы 1200-1600 теңге аралығында болды.

– Жәрмеңке ойдағыдай өтіп жатыр. Бұл жерде барлық санитарлық талаптар сақталған. Ауылшаруашылық өнімдері мейілінше арзан бағамен саудаланып жатыр, – дейді Болат Қанапин.

– Апта сайын өтіп отыратын осындай жәрмеңкелерге үнемі келіп тұрамыз. Бүгінгі жәрмеңкеде 40 килограмм сиыр, қой, жылқы етін сатып алдым. Сапасы өте жақсы, жаңа сойылған малдыкі екендігі көрініп тұр. Бағасы да қаланыкінен әлдеқайда арзан. Көңіліміз толады. Осындай сапалы өнім әкелетін аудан жәрмеңкелері көптеп өтіп тұрғанын қалаймыз,   - дейді қала тұрғыны Әлібек Тұрабаев.  

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив