KZ
Өскемен
+5°
небольшая облачность жел 4 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

"Алтын іздеушілер Қалжыр өзенін ластап жатыр". Экологтар не дейді? (ВИДЕО)

2.11.2020, 14:41 137

Түрлі мессенджерлерде Күршім ауданындағы Қалжыр өзенінің ластанғаны, сондай-ақ, өзеннің арнасы заңсыз бұрылғандығы жөнінде  бейнежазба таралған болатын.

Бейнежазба арқылы жергілікті тұрғын өңірдегі алтын іздеуші әлдебір компаниялардың Қалжыр өзенінің арнасын бұрып тастағанын айтып, дабыл қағады.  

- Мынау Қалжырдың бұрынғы орны(видеода). Алтын жуып жатыр. Өзеннің орны бұрын Камаз тұрған жерде болған. Біз осы жердің адамдарымыз, білеміз. 2 жыл болды, заңсыз осында келіп, алтын қазып жатыр. Бұдан төмен Қалжыр деген, Боран деген ауыл бар, қанша су ішіп отырған ел бар, - деп бастайды сөзін бейнежазба авторы.

Осылайша тұрғын өңірде экологиялық мәселенің ушыққанын жеткізеді. Сондай-ақ, автордың айтуыша, тұрғындар бұл жерде малын суара алмайды, себебі тыйым салынған.

- Экология департаменті «экспертиза жасатыңдар, суға 500 метр жоламаңдар» дейді. Ал мыналар өзенді бұрып тастап, алтын жуып жатыр. Не деген бассыздық?! – деп ашынады бейнежазба авторы.

Осы бейнежазбаға байланысты ШҚО бойынша экология департаментінің қызметкерлері жедел түрде оқиға орнына барып, өзеннен 2-3 шақырым жерде орналасқан «ГРК МЛД» ЖШС-ге ​ қатысты жоспардан тыс тексеру ашты.

- Тексеру барысында кен байыту фабрикасында пайдаланылатын су шламжинағыштан (тұйық су айналымы) келіп түсетіні анықталды. Келген кезде ​ ағызу жүзеге асырылмайтындығы анықталды. Ластану көзін анықтау мақсатында Күршім ПБ табиғат қорғау полициясының қызметкерлерімен бірлесіп «Қаршыға» учаскесі ауданындағы Қалжыр және Бала Қалжыр өзендеріне тексеру жүргізілді, алайда ​ ластану фактілері анықталған жоқ, - деп түсіндіреді Экология департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, департамент мамандары өңірдегі Алтай ауылынан 5 шақырым өзен ағысынан жоғары жерде техниканы қолданып, рекультивациялық жұмыстарды жүргізген пайдаланушылардың қалдырған іздерін анықтады. Сондай-ақ, Қалжыр және Бала Қалжыр өзендерінен су сынамаларын алды.

- Көзбен шолып қарасақ, су лай емес. Зерттеудің зертханалық нәтижелері қосымша хабарланады,- дейді ведомствада.

Экологтар Қалжыр өзенінің ластанғаны туралы бейнероликтің жазғы уақытта түсірілгенін және алдағы уақытта қандай да бір экологиялық заңнаманың бұзылғанын тұрғындар анықтаса, фактілерді жедел бақылап, жолын кесу үшін дәлел ретінде фото/бейне материалдарды ұсына отырып, департаментке дереу жүгіну керектігін атап өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив