KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 7 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Тұрақтандыру қорына 7 мың тонна көкөніс жеткізіледі – ШҚО

31.07.2022, 11:01 135

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңірдегі тұрақтандыру қорына биыл 7 мың тоннадан астам көкөніс жеткізіледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

4863 тонна картоп, 1200 тонна қырыққабат, 800 тонна сәбіз, 500 тонна пияз қорда болады. Осылайша көкөністің жалпы көлемі өткен жылғыдан 1,1 есеге арта түсті.

«Қазіргі уақытта тұрақтандыру қорының павильондарында қанттың келісі – 469 теңге. Таза күнбағыс майы – 630 теңге, қарақұмық – 420 теңге, жұмыртқаның бір данасы 29 теңгеден сатылымда тұр. Сондай-ақ қырыққабат келісі – 120, картоп – 190, сәбіз – 240, пияз – 285 теңге», - деп жазылған ақпаратта.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив