Өскемен
+3°
пасмурно ветер 1 м/с, С
457.29 490.35 5.97

«Тегін медициналық көмек». ШҚО-ға 11,4 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі жеткізілді

31.10.2020, 08:56 22 0

Шығыс Қазақстан облысына тегін медициналық көмектің кепілді көлемі және әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры шеңберінде диспансерлік науқастарды амбулаториялық дәрілік көмекпен қамту үшін 11,4 миллиард теңгенің дәрілік заттары жеткізілді.

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеті аясында халыққа дәрілік көмекті қолжетімді ету үшін медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету (МСАК) ұйымдарында, аудандық ауруханалар мен ауылдарда 55 дәріхана жұмыс істеуде.

Карантин және шектеу шаралары кезеңінде облыстың 404 мобильді медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету бригадасы әлеуметтік маңызы бар аурулар тобынан диспансерлік ауруларды қамтыды, яғни  қан айналымы жүйесі ауруына шалдыққан 171799 адамға (99%), қант диабеті бар 32703 адамға (100%), өкпенің созылмалы обструктивті ауруына шалдыққан 8009 адамға (98%) қызмет көрсетті.

Бір науқасты қамтамасыз етудің орташа сомасы 47281,14 теңгені құрады.

2198 COVID-19-ы бар пациент амбулаторлық деңгейде қосымша 22,5 миллион теңгенің дәрі-дәрмегімен қамтылды.

1,9 миллиард теңге мөлшеріндегі жоғары сұранысқа ие дәрілік заттардың (антиковидті, вирусқа қарсы және ыстықты түсіретін препараттар) және жеке қорғаныш құралдарының Тұрақтандыру қоры құрылды.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив