KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
447.4 477.55 4.76

Алтай ауданында көп балалы және аз қамтылған отбасылар үшін 30-дан астам жеке тұрғын үй салынбақ

28.10.2020, 12:32 213

"Нұрлы жер" тұрғын үй коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасы бойынша Алтай қаласының 10 шағын ауданында жеке құрылыс салушылар есебінен 14 жеке тұрғын үй салуға меморандум жасалды.

2021 жылы дәл осындай қосымша 20 үй салынбақ.

Жалпы, Алтай ауданында 475 көп балалы және 89 аз қамтылған отбасы тұрады. Бүгінгі таңда мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегінде 24 көпбалалы отбасы тұр.

- Үйлерді бюджет қаражаты есебінен сатып алу және оларды кезекке тұру тәртібімен көп балалы отбасыларға беру жоспарлануда. Отбасылардың сапалы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қазірдің өзінде сумен жабдықтау және кәріз желілері жүргізілуде. Электрлік тіректерді орнату және көшелерді жарықтандыру жұмыстары басталды. Жұмыс менің жеке бақылауымда, - деп атап өтті Алтай ауданының әкімі Қалихан Байғонысов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив