KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, З
447.4 477.55 4.76

Күршімде 20 тонна шөп өртеніп кетті – ШҚО

28.10.2020, 08:01 172

Күршім ауылында 20 тонна шөп өртеніп кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Әуелі Исабеков көшесіндегі ұзын қамыстар өртене бастаған. Бұл шамамен кешкі сағат жеті кезі. Жалын айналадағы құрғақ шөпке тиіп, күшейе берген. Осы сәтте жел тұрып, өртті одан сайын өршіткен көрінеді. Сол себепті өрт сөндірушілер тілсіз жауды бірден ауыздықтай алмапты. Өрт 2 гектар аумақты шарпып, жақын маңдағы ағаш кесушілердің қашасына тиген. Нәтижесінде 20 тонна шабылған пішен өртеніп кетті. Жалпы өртті сөндіруге жергілікті атқарушы органдардың және орман шаруашылығының техникалары жұмылдырылды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен екі техника және арнайы жасақтың 8 қызметкері оларға көмекке келді. Тілсіз жау түн жарымында, 00:10 кезінде, ауыздықталды.

Құтқарушылар бір өртпен арпалысып жатқанда, сағат 22:57 кезінде ауылда екінші өрт бұрық ете қалды. Үш гектар аумақты алып жатқан жазықта құрғақ шөп өртенген бұл сәтте.  Жалын «Күршім ауданының орман алқабы» КММ аймағын шарпыған. Нәтижесінде 119 шаршы метр орман алқабы өртенді.

Мамандардың айтуынша, екі өрт те отты абайсыз қолданғандықтан шыққан болуы мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив