KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, С
449.58 486.94 4.86

ШҚО-да шанышқымен балық аулағандар ұсталды

26.10.2020, 14:10 239

Шығыс Қазақстан облысында шанышқымен балық аулаған браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Заң бұзушыларды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының қызметкерлері ұстады.

– 16 қазан күні Семейде, Ертіс өзеніннің бойында, тыйым салынған затпен (шанышқы – үш айыр істігі бар құрал) балық аулаған тәртіп бұзушылар ұсталды. Құқық бұзушыларға қатысты ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігі (балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, – деп мәлімдеді инспекция өкілдері.

Айта кетейік, инспекторлар браконьерлердің қайығын және үш келі балығын тәркілеп алды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив