KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность жел 1,9 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

ШҚО-да 46 мониторингтік топ күн сайын нормалардың сақталуын тексереді

23.10.2020, 09:16 160

Шығыс Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуы бойынша қоғамдық орындардағы рейдтер жалғасуда.

Облыста шектеу шараларын күшейтуге байланысты халықтың санитариялық – эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтауын бақылау мақсатында 19 қала мен аудан бойынша 46 мониторингтік топ құрылды.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау аумақтық басқармасының мамандары күн сайын сауда объектілеріне, қоғамдық тамақтану орындарына және сауда орталықтарына мониторинг жүргізеді.

Мониторинг барысында қоғамдық тамақтану орындарының бірінде бірқатар бұзушылықтар анықталды. Онда қажетті дезинфекциялық құралдардың, үй-жайларды тазарту кестесінің болмауына байланысты мекеме иесіне қатысты хаттама толтырылды. Қалған объектілер ешқандай ескертусіз тексеруден өтті.

Қазан айынан бастап облыста 6091 нысан қамтылған 493 рейд жүргізілді, оның 78 – і-қоғамдық көлік және көлікті дезинфекциялау пункттері.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив