KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 6 м/с, З
448.56 478.03 4.79

Рәміздер-30: Ұландық оқушы республикалық байқауда топ жарды

29.07.2022, 11:18 99

Мемлекеттік рәміздеріміздің 30 жылдығы мен Балалар жылына орай Мәдениет және спорт министрлігі Геральдикалық зерттеулер орталығы мектеп оқушылары арасында инстаграм әлеуметтік желісінде өлең оқу байқауын жариялаған еді. Аталмыш өнер сайысында шығысқазақстандық Инабат Пазылбек есімді оқушы жеңіске жетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Ережеге сәйкес байқауға қатысушылар Ту, Елтаңба, Әнұран тақырыбында өлең оқып, 1 минуттық видео түсіріп, өзінің инстаграм жеке парақшасына жүктеуге тиіс болды.

Айта кетуіміз керек, байқауға аудандық және ауылдық мектептерде оқитын 6-17 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысты.

«Ақтөбе, БҚО, Жамбыл облысы, ШҚО, Алматы, Жетісу өңірлерінен 50-ге жуық өтініш келіп түсті», - дейді ұйымдастырушылар.

Байқау қортындысы бойынша Ұлан ауданы Сығыр ауылында тұратын Пазылбек Инауат есімді оқушы 1 орынға ие болып, 150 000 теңге мөлшерінде сыйақы алды.

2-орын Отархан Дархан - Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Шайқорық ауылы, 100.000тг сертификат;

3-орын Құбай Ақкербез -БҚО, Казталов ауданы, Жас ауылы 50.000тг сертификаттармен марапатталды.

Сонымен қатар, ерекше көзге түскен 5 оқушы ынталандыру сыйлығына ие болды. Олар:

Нұрым Айшат - Атырау облысы, Маханбет ауданы, Ақтоғай ауылы

-Назерке Ахмет – Ақмола облысы Шортанды ауданы Шортанды кенті,

- Динара Тулеген Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы.

-Мырзағали Мадияр – Алматы облысы, Панфилов ауданы, Басқұншы ауылы.

-Ару Жалғасбек –Алматы қаласынан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив