KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 2,5 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

«25 млн бөлінеді» Өскемен көшелеріне жаңа бағдаршам орнатылады

29.07.2022, 09:53 109

Коммуналдық қызметкерлер жаңа бағдаршам орнатуға қатысты жоспарларын айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Бұл жұмыс мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқаннан кейін басталып, екі ай ішінде аяқталады. Бағдаршамдар орнатылған кезде жол учаскелері жабылмайды. Жабылған күннің өзінде, қала тұрғындарына әлеуметтік желілер арқылы хабарланады, – деді түсіндірді қаланың ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

Бөлімдегілер қай учаскелерге жаңа бағдаршам орнатылатынын нақтыламады. Мұндай ақпарат мемлекеттік сатып алу порталында да жоқ. Тек тхникалық сипаттамада 16 көлік және 17 жаяу жүргіншілер бағдаршамы орнатылатыны жазылған.

Біз бұған дейін қала көшелеріне тағы 200 жол белгісі орнатылатынын хабарлаған едік. Мемлекеттік сатып алу порталының деректеріне сәйкес, жол белгілері мен бағдаршамдарды орнатып, ескілерін ауыстыру үшін бюджеттен 25 миллион теңгеге жуық (екі лоттың жалпы сомасы) қаражат бөлінеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив