KZ
Өскемен
-5°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

ШҚО-да құтқарушылар балаларға арналған мультфильм шығарды

29.07.2022, 09:43 259

Қысқа метражды фильмде суға түсу ережелері егжей-тегжейлі көрсетілген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Тентек және Ая» атты мультфильмді төтенше қызмет өкілдері «MediaPRO.KZ» ЖШС-мен бірлесіп жарыққа шығарды.

– Жаз айларында жазатайым оқиғалардың жиілеп кететіні жасырын емес. Әсіресе, шомылу маусымында балалар көп зардап шегіп жатады. Мультипликациялық фильмді жасаушылар балаларға суға ересектерсіз бару қаншалықты қауіпті екенін және кез-келген жағдайда қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін түсіндіреді. Біз балалардың оқу процесінде стандартты емес әдіс-тәсілдерді жақсы көретінін білеміз. Сондықтан да осындай қызықты қадамға бардық, – деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері.

Сюжет мазмұны мынандай: басты кейіпкерлер ережелерді бұзып, келеңсіз жағдайларға тап болады. Содан кейін құтқарушылар қарапайым әрі түсінікті нұсқаулар береді.

Мультфильмді ТЖД-ның Instagram және YouTube парақшасынан көруге болады.

Айта кетуіміз керек, биылғы шомылу маусымында балалардың суға батып қаза болуы 2021 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2,5 есеге төмендеді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив