KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 3,5 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Енді бағдарламалардың басым бөлігі NEET жастарға арналады – ШҚО

9.10.2020, 11:54 182

Енді облыс аудандары мен қалаларындағы әлеуметтік бағдарламалардың басым бөлігі NEET санатындағы жастарға бағытталады.

Ал NEET санатындағы жастар деп, ешқайда оқу оқып жатпаған, жұмыс істемейтін, арнайы мамандық беретін курстарға қатыспаған адамды атайды.
Осы мақсатта NEET санатындағы жастарға арналған семинар Көкпекті ауданында басталды. Семинарға аталмыш ауданнан бөлек Тарбағатай, Жарма аудандарының білім бөлімі, жұмыспен қамту бөлімі, жастар ресурстық орталықтарының мамандары мен психологтар келді.

– Жиында бірінші кезекте жұмыссыз жастардың нақты санын және олардың қандай топқа жататынын анықтау қажеті айтылды. Алдағы уақытта әлеуметтік бағдарламалардың негізгі бағыты осы санаттағы жастарға бұрылатыны мәлім. Біз жастарға мамандық алып шығудың маңызды екенін, адам баласының не үшін еңбек етуі керегін түсіндіруіміз керек, – деді мамандар.

Алдағы жоспарлар мен бағдарламаларда жастарға баспана беру де көзделгенін айтады ұйымдастырушылар.

Семинар қатысушыларына әдістемелік кітаптар мен сертификаттар табысталды.

Осыған ұқсас семинарлар Өскемен мен Семейде де болып жатыр. Онда жақын маңдағы аудандар да қамтылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив