KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 2,6 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Емханаға тіркелу науқаны әлі жүріп жатыр

8.10.2020, 11:25 93

Елімізде 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін емханаға тіркелу науқаны өтеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл - тұрғылықты аумағы шегінде медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымын (МСАК) еркін таңдау бойынша жыл сайынғы науқан. 15 қарашаға дейін тіркелуге мүмкіндік бар.

Дәрігердің тіркелген пациентінің денсаулығын тұрақты бақылауында ұстауы үшін емхананы тұрғылықты жеріне жақын жерден таңдау ұсынылады. Бұл жағдайда емхана дәрігерлері қажет болғанда пациенттердің үйіне бара алады, яғни пандемия кезінде бұл мәселе маңыздылығын көрсетті.

Науқан кезінде медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымына тіркелген азаматтар медициналық көмекті 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап ала бастайды. Бұл ретте медициналық ұйым қормен алдағы жылға арналған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әдеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек қызметтерін көрсетуге шарт жасасуы тиіс.

Емханаға тіркелу бірнеше жолмен жүзеге асырылады:

- Электрондық үкіметтің www.e.gov.kz веб-порталында Денсаулық сақтау бөлімінде «Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметін таңдау;

-  Емхана пациент туралы ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алады;

- Операция сәтті болған жағдайда азаматқа медициналық ұйымның электронды цифрлық қол қойылған электрондық құжат түрінде тіркеу туралы хабарлама беріледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив