KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 6 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Түрмеден босап шыққан өскемендіктерді уақытша баспанамен қамтамасыз етті

7.10.2020, 12:24 195

Өмірінің біраз жылын темір тордың ар жағында өткізіп, баспанасыз қалған екі өскемендік тұрғын пробация қызметінің көмегімен уақытша тұрақ тапты. Бұл туралы ШҚО бойынша ҚАЖД Өскемен қалалық пробация қызметі хабарлады.

– «Тағдыр тәлкегі мен түрмеге түспеуге сенімді болма» деген мақал бәріне белгілі. Үйсіз адамдардың өмірі мүлде бөлек. Олардың арасында балалар үйінде өскен, күн тәртібінен тыс өмірге бейімделе алмағандар, пәтер алаяқтарының құрбандары және бәрін тастап, бақытты өмір іздегендер бар. Сонымен қатар түрмеден оралғанда туыстарына керексіз болып қалғандар да баршылық, – дейді ШҚО бойынша ҚАЖД Өскемен қалалық пробация қызметінің аға инспекторы Айдар Садықов.

Осылайша, түрмеден шыққан олар қала көшелерінде қаңғырып өмір сүруге мәжбүр. Ал мұндай адамдарды қабылдауға дайын бірден-бір орын - бұл Өскемен қаласы әкімдігінің «Өмірлік жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығы».

Облыс орталығынан 20 шақырым қашықтықтағы Белоусовка кентінде орналасқан бұл мекеме 120 адамға әлеуметтік көмек көрсетуге қауқарлы. Күн сайын полиция қызметкерлері мен орталықтың мобильді тобы адамдарды көшеде қалудан мүмкіндігінше құтқаруда. Ол жерге жеткізілген адамдар физикалық тексеруден және емдеуден кейін күнделікті тамақтандырылып, киіндіріледі, жұмысқа орналастырылады.

– Өскемен қалалық пробация қызметі бөлімінде бұрын сотты болып тіркеуде тұрған екі азаматпен профилактикалық әңгіме жүргізу барысында олардың баспанаға мұқтаж екендіктері анықталды. Осыған байланысты біз оларға баспана мәселесін шешіп беру жөнінде сұраным жолдадық. Нәтижесінде Белоусовка кентінен аталған азаматтарды қабылдайтындары туралы жауап келді. Сол күні олар аталған мекемеге пробация қызметкерлерімен жеткізіліп, орналастырылды, – деп қосты Айдар Садықов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив