KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 2,9 м/с, СБ
444.22 476.38 4.82

Аю атып алған ауыл тұрғыны жазаланды – ШҚО

7.10.2020, 11:40 162

Заңсыз түрде аңға шығып, аю атып алған Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны жазаланды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Шемонаиха ауданында рейд жүргізген табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Большая Речка ауылының маңынан аюдың сүйектерін тапқан көрінеді. Жедел іздестіру шаралары ұйымдастырылып, күдікті ретінде 26 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды. Ол жыртқыш аңды тіркелмеген қосауыз мылтықпен атып алған.

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, күдіктінің үйін тексеру кезінде мылтық пен оқ-дәрі, пышақ, аю еті салынған 50-ден астам полиэтилен пакеттері тәркіленді.

Қазіргі уақытта заңсыз аң аулау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив