KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Сенат депутаттары Алтайдың аграрлық әлеуетін жоғары бағалады

29.07.2022, 09:38 182

Парламент Сенатының депутаттары Дүйсенғазы Мусин, Мұхтар Жұмағазиев, Абдалды Нұралиев және Сұлтан Дүйсембинов Шығыс Қазақстанның Алтай ауданына жұмыс сапарымен барып, агроөнеркәсіптік кешенінің дамуымен танысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Алтайда экономика саласындағы аграрлық әлеуетті арттыруға толық жағдай жасалған. Айталық биыл көктемгі егіс науқанына 125 шаруашылық қатысып, 75,4 мың гектар аумаққа дақыл егілді. Соның ішінде дәнді дақылдар – 38,6 мың гектар; майлы дақылдар – 29,5 мың гектар; жемшөптік дақылдар – 5,3 мың гектар; картоп – 1,2 мың гектар; көкөністер мен бақша дақылдары – 0,8 мың гектар.

Биыл егіс науқаны уақытлы жүргізілгенін айта кетуіміз керек. Бұл машина-трактор паркін заманауи жоғары технологиялық техникамен және жабдықтармен жаңартып алуға мүмкіндік берді. Жалпы Алтай ауданында жыл сайын барлық техниканың 10-12 пайызы жаңартылады.

Егіс алқаптары мен шаруа қожалықтарын аралап, ауыл шаруашылығы техникасының паркін көрген депутаттар аграрлық секторда жаңа технологиялардың қолданылып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ шаруа қожалықтарының ауыл шаруашылығы саласы мен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға және аймақ тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесіне жоғары баға берді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив