KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, СБ
445.66 474.58 4.78

ШҚО-да 569 заңсыз қоқыс орны анықталды

6.10.2020, 13:18 197

ШҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасы Экология департаментімен бірлесіп осы қоқыс тастайтын жерлерді жою кестесін әзірлеп, бекітті, деп хабарлайды Энергетика және ТҮКШ басқармасының баспасөз қызметі.

Бүгінде қала және аудан әкімдіктерінің күшімен 90% немесе 511 рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері жойылды. Қоқыс орындары туралы деректерді Қазақстан Ғарыш Сапары "ҰК" АҚ ұсынады.

2020 жылы "Қазақстан Ғарыш Сапары "ҰК" АҚ ұсынған ғарыштық мониторинг деректері бойынша Шығыс Қазақстан облысында 569 заңсыз қоқыс орны анықталған.

- Бұл бағыттағы жұмыс ШҚО экология Департаментімен бірлесіп тұрақты негізде жүргізіледі. Стихиялы рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін ұйымдастыру бүгінгі күні экология саласындағы құқық бұзушылықтардың кең таралған түрлерінің бірі. Оның қауіптілігін бағалау да қиын. "Тұрмыстық" деп аталатын кәдімгі қоқыс - бұл тек пластик, металл және шыны ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға, ал болашақта жақын жерде тұратын адамдардың денсаулығына үлкен зиян келтіретін батарейкаларлар, сынапты лампалар, электр аспаптары және өзге де тұрмыстық техника. Өйткені, мұндай қалдықтар қоршаған ортаның барлық компоненттеріне атмосфералық ауа, жер үсті және жер асты, соның ішінде ауыз су, су және, топыраққа теріс әсер етеді.

Сондай-ақ, жедел ақпаратқа қол жеткізу үшін экология департаментінің бастамасы бойынша 8 7759524900 нөмірі бойынша WhatsApp тобы құрылды, оған облыс тұрғындары рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жердің орналасқан жерін жібере алады және жою бойынша жұмыстардың орындалу барысы туралы біле алады.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қ.Тоқаев экология мәселелеріне үнемі назар аударып, көп көңіл бөліп отырады. Осы орайда елді мекендер маңайындағы қоқыстарды болдырмау үшін жүйелі жұмыс істеуді тапсырды. Бұл бағытта Шығыс Қазақстан облысында жоспарлы, мақсатты жұмыс жүргізілуде.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив