Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

 

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

50 000 теңге!

2019 жылдың 22 шілдесіне валюта бағамы

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Жаңалықтар

ШҚО спортшылары Италияда ел намысын қорғайды

0

51

Винное ауылында орналасқан «Титан» ат спорты кешенінің тәрбиленушілері кезекті байрақты бәсекелеріне аттанғалы отыр. Бұл жолы жерлестеріміз Италияға сапар шекпек, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі,

Жақында аталмыш мемлекеттің Сома-Ломбардо деп аталатын қаласында бейімделген ат спорты түрлерінен халықаралық жарыс өтуі тиіс. Аталмыш дода үш жұлдызға ие, дейді мамандар. Демек, төрт жұлдызды паралимпиадалық ойындардың деңгейінен сәл ғана төмен тұрған жарыс бұл. Сондықтан аталмыш сынға «Ақтай» мүмкіндігі шектеулі балаларды қорғау қорының жанындағы ат спорты кешенінде жаттығатын кіл мықтылар аттанбақ екен. Атап айтсақ, Еуропа төрінде Қазақстан намысын Айғаным Ермекова, Райхан Байырқанова, Елена Шишаева мен Ринат Бектұрсынов қорғайтын болады.

Солардың бірі – Ринат Бектұрсынов бүгінде спортшы ғана емес, жаттықтырушы ретінде де танылып жүр. 26 жастағы Ринат өзі сияқты мүмкіндігі шектеулі жандарға халықаралық додаға жай ғана қатысудың өзі бақыт екенін айтады.

– «Титанға» келіп жаттығып жүргеніме екі жылдай болды. Нәтиже жаман емес сияқты. Негізі, мен табиғатымнан қол қусырып отыра алмайтын жан едім. Бұл жерге келгелі тіптен жұмыс басты болып кеттім. Дегенмен, бұл таңдауыма еш өкінбеймін. Өзім де атқа мініп қана қоймай, басқаларға да бұл тамаша өнердің қыр-сырын үйретудемін. Бізге осындай мүмкіндік сыйлаған адамдарға алғыстан басқа айтарым жоқ, – дейді балалардың церебралдық сал ауруына шалдыққан өскемендік жігіт.

«Ақтай» мүмкіндігі шектеулі балаларды қорғау қорының директоры әрі «Титан» ат спорты кешенінде жаттығатын спортшылардың бас бапкері Елена Чернекованың айтуынша, бүгінде мұнда Ринат сияқты 130-ға жуық жерлесіміз иппотерапия мен ат спортының игілігін көруде. Олармен күнделікті 30-дан астам маман жұмыс істейді. Арасында дәрігерлер, мұғалімдер мен психологтар да бар.

Ал бұл жерде бес жылдай қызмет етіп келетін Алмагүл Сүгірбаеваның негізгі мамандығы тігінші екен. Алайда, ол мұндай жұмыс кез келген адамның қолынан келетінін айтады. «Ең бастысы, ынта мен жауапкершілік болса болғаны» дейді Алмагүл.

Жалпы, соңғы жылдары мүгедек балаларды жылқымен емдеу шаралары облысымызда ғана емес, бүкіл республикада да жүйелі түрде жүргізіле бастаған. Еліміз бойынша бірінші рет 2009 жылы Шығыс Қазақстанда қолға алынған бұл игі бастаманы артынша Қарағанды, Ақтөбе мен Маңғыстау облыстары жалғап әкеткен.
Елена Чернекова мұндағы мамандарға тереңірек тәлім беру мақсатында шетелден осы саланың шеберлері шақыртылып, арнайы семинарлар өткізген айтады.

– Иппотерапия емі балаға психоэмоционалдық және биомеханикалық тұрғыдан екі жақты әсер етеді. Атқа мінудің, оны бағындырудың жарымжан адам үшін қандай жетістік екенін білсеңіз ғой. Негізі жылқы жүрісінің тербелісі арқылы баланың тірек-қозғалыс жүйесіне айтарлықтай ықпал етуге болады, – дейді ол.

Оның айуынша, емделушілер денсаулықтарын жақсартып қана қоймай, спортпен айналысып, түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысу мүмкіндігіне де ие болады екен. Бұл сөзімізге Италияға жол жүргелі отырған спортшылар да дәлел бола алады.

Байрақты бәсекеге соңғы дайындықтарын пысықтап жатқан жерлестерімізге сәттілік тілеу үшін «Титан» ат спорты кешеніне облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова мен денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Денис Рыпаков арнайы келіп, жаттықтырушылармен және олардың шәкірттерімен кездесті. Аймақ басшысының орынбасары өз сөзінде спортшылар қандай да құрметке лайық екенін айтып, додада барлығы ойдағыдай өнер көрсететініне сенім білдірді.

Жоғарыда айтқандай, 2009 жылдан бері «Титан» ат спорты кешенінде денсаулығында кемістігі бар балалар мен ересектерге арналған ем шаралар арнайы үйретілген аттардың көмегімен жүзеге асырылып келеді. Ал «Титан» ЖШС мен облыстық әкімдік арасында жасалған екі жақты меморандумның арқасында бұл жерге төбесі жабық манеж салынған-ды. Нәтижесінде қазір мекеме қысы-жазы жұмыс істеп тұр.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан жеті жыл бұрын Глубокое ауданының Винное ауылында құны 180 миллион теңгені құраған үлкен ат спорты манежі бой көтерген болатын. Қазір мұнда иппотерапия мен бейімделген ат спортынан мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектерді сауықтыруға арналған жаттығулар өткізіледі. Ем алушылармен арнайы нұсқаушылар мен психологтар жұмыс істейді.

Пікірлер (0)

Болдырмау

Пікіріңіз модерациядан кейін сайтта пайда болады.

ЖалпыӨзектіПікір алаңы

Бүгін, 17:24

Семейде тегін қоғамдық әжетханалар орнатылады

Бүгін, 16:25

«Торпедоға» «Барыстың» шабуылшысы келді

Бүгін, 16:15

ШҚО-да тұрғындар хабарламасы бойынша ең көп кездесетін құс анықталды

Бүгін, 15:54

Шығысқазақстандықтар шілдеде «жұлдызды жауынды» тамашалайды

Бүгін, 15:45

Дәрігерлердің еңбекақысы 550 мың теңгеге көтеріледі

Бүгін, 15:14

«Altay Athletics» спортшылары 37 жыл сақталған рекордты жаңартты

Бүгін, 14:00

Семейде серуендеуге арналған теплоход қашан іске қосылады?

Бүгін, 13:25

ШҚО-да қыздар арасында футболдан өткен турнир өз мәресіне жетті

Бүгін, 12:38

Өскеменде ашық жатқан кәріздерге қатысты шағым түсіруге болады

Бүгін, 11:59

Өскеменде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтіп жатыр

Бүгін, 11:37

Президент демалысқа шықты

Бүгін, 10:11

Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы алтыншы орынды місе тұтты

Бүгін, 09:39

ШҚО-да теңге монеталарын жинау бойынша жарыс өтіп жатыр

Бүгін, 09:00

Синоптиктер аптаның басында ауа райы қалай болатынын айтты

21.07.19, 17:30

ШҚО-ның фермерлеріне сүтті қалай өңдеу керектігін үйретеді

21.07.19, 15:43

Абай ауданында көпбалалы отбасыларға үй берілді

21.07.19, 14:15

Көкпектіліктер халықаралық "Жігіт сұлтанына" қатысады

21.07.19, 13:45

Металлургтер кәсіби мерекелерін қалай тойлады?

21.07.19, 12:48

Алимент төлей алмай жүрсеңіз...

21.07.19, 10:23

Өскемендегі пандустар мен бесікарбаға арналған жолдардан кемшіліктер анықталды

Әрі қарай

01.04.19, 09:15

Зайсан көлінің жағасынан өлі қолтырауын табылды

13.03.19, 14:27

Зайсандағы 130 шақырымдық бәйге. Жолда өлген жануар, мәреге жеткен сегіз және қатаң тексеру

17.05.19, 11:04

Мектеп ремонтына ақша сұраса, мына номерге хабарласыңыз:

16.05.19, 20:12

ШҚО-да тағы бір құс фабрикасы салынуы мүмкін

15.03.19, 10:55

"Малға мініп жүрген ат": 130 шақырымдық бәйгенің жеңімпаздары туралы

25.06.19, 16:30

1000 адамды қабылдауға дайын. Арыс тұрғындары ШҚО-ға қоныс аудара алады

19.04.19, 20:00

«Анашым, келші жанымызға». Күршімде 8 жыл бұрын жоғалып кеткен әйелді туыстары әлі іздестіруде

04.03.19, 11:06

"Бала қатты күйіп қалған, терісі езіле бастапты". Өскеменде времянкадан тағы өрт шықты

14.03.19, 16:06

1 сәуірден бастап әлеуметтік жәрдемақы қалай өзгереді?

25.04.19, 15:03

Өскеменде кемшіліктерді көшеде жүріп жырлайтын ерекше ақын пайда болды (ВИДЕО)

03.04.19, 16:33

ШҚО-дағы басқармалардың біріне жаңа басшы тағайындалды

15.03.19, 16:19

ШҚО тұрғыны үйінің сыртын сыраның қалбырымен қаптап алды

05.06.19, 20:38

Тек қазақша сөйлейтін өскемендік полицей бірден екі қылмысты ашты (видео)

10.04.19, 12:04

Өскеменде 16 әйелді өлтірген КШТ маньягі қалай ұсталып еді?

02.04.19, 15:45

"Жуыну бөлмесіне тығылған". Семейдегі балалар өлімі, оқиғаның анық-қанығы

15.05.19, 20:00

Youtube желісіндегілер қазақтың намысшыл жігітіне рахмет айтып жатыр (ВИДЕО)

15.05.19, 11:59

ШҚО-ның барша жас келіні шәй демдеуден сайысып жатыр (ФОТО)

03.04.19, 09:15

1 сәуірден бастап көпбалалы отбасыларға берілетін көмек. Ең жиі қойылатын 10 сұрақтың жауабы

,

ШҚО-да аудандық әкімдіктің бөлім басшысы әжетханада төбелесті

01.04.19, 10:11

Атаулы әлеуметтік көмектің онлайн-калькуляторы пайда болды

07.04.14, 00:00

Түтінді газ ағынын инфрадыбыс әсерімен тазартады

Бүгін, 17:24

Семейде тегін қоғамдық әжетханалар орнатылады

Бүгін, 16:25

«Торпедоға» «Барыстың» шабуылшысы келді

Бүгін, 16:15

ШҚО-да тұрғындар хабарламасы бойынша ең көп кездесетін құс анықталды

Бүгін, 15:54

Шығысқазақстандықтар шілдеде «жұлдызды жауынды» тамашалайды

Бүгін, 15:45

Дәрігерлердің еңбекақысы 550 мың теңгеге көтеріледі

Бүгін, 15:14

«Altay Athletics» спортшылары 37 жыл сақталған рекордты жаңартты

Бүгін, 14:00

Семейде серуендеуге арналған теплоход қашан іске қосылады?

Бүгін, 13:25

ШҚО-да қыздар арасында футболдан өткен турнир өз мәресіне жетті

Бүгін, 12:38

Өскеменде ашық жатқан кәріздерге қатысты шағым түсіруге болады

Бүгін, 11:59

Өскеменде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтіп жатыр

Бүгін, 11:37

Президент демалысқа шықты

Бүгін, 10:11

Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы алтыншы орынды місе тұтты

Бүгін, 09:39

ШҚО-да теңге монеталарын жинау бойынша жарыс өтіп жатыр

Бүгін, 09:00

Синоптиктер аптаның басында ауа райы қалай болатынын айтты

21.07.19, 17:30

ШҚО-ның фермерлеріне сүтті қалай өңдеу керектігін үйретеді

21.07.19, 15:43

Абай ауданында көпбалалы отбасыларға үй берілді

21.07.19, 14:15

Көкпектіліктер халықаралық "Жігіт сұлтанына" қатысады

21.07.19, 13:45

Металлургтер кәсіби мерекелерін қалай тойлады?

21.07.19, 12:48

Алимент төлей алмай жүрсеңіз...

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: