KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Жаңа жылдан бастап Өскеменде су, жылу және жарық арзандайды

28.12.2018, 10:51 261

Өскеменде жаңа жылдан бастап коммуналдық қызмет тарифі төмендетілді. Атап айтқанда, электр қуатының, жылумен және сумен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтердің құны төмендейді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы қала тұрғындарының қатысумыен тарифтер жөніндегі кеңес кезінде айтылды.


- Жаңа жылдан бастап қалада табиғи монополия субъектілерінің бірқатар қызметтеріне төмендетілген тарифтер қолданылатын болады. Тұтынушы үшін бағаның төмендеуіне жылу мен электр энергиясын өндірушілермен және тікелей жеткізушілермен жүргізілген жұмыстың нәтижесінде қол жеткізілді, - деп атап өтті Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.


1 қаңтардан бастап«Өскемен Водоканал» МКК сумен жабдықтау және су бұру тарифін 5%-ға төмендетеді. Осылайша, тұтынушы үшін суық су тарифі ҚҚС есебінсіз текше метр үшін 59,34 теңгені құрайды. Су бұру тарифі 58,85 теңгеге дейін төмендейді.


«Өскемен жылу желілері»АҚ алдағы жылы жылу энергиясының құны төмендейді. Жалпы үйлердегі жеке есептеу құралдарын пайдаланатын халық үшін ол ҚҚС есебінсіз гигакалория үшін 1822,82 теңгені құрайды(2,7% төмендеу). Есептеу құралынсыз халық үшін-3621,74 теңге (3,4% төмендеу).


Өскемендегі электр энергиясының негізгі жеткізушісі-"Шығысэнерготрейд" ЖШС 1 қаңтардан бастап тұрмыстық тұтынушылар үшін тарифті 6,5 пайызға төмендетеді. Бір киловатт-сағаттың құны ҚҚС есебімен тұтынудың бірінші санаты бойынша 9,824 теңгені, екінші санат бойынша - 13,063 теңгені, үшінші санат бойынша - 16,328 теңгені құрайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив