KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 6 м/с, С
443.85 474.3 4.8

ШҚО-да құстардың қырылып жатқан видеосы жарияланды

27.12.2018, 10:00 124

Алтай (Зырян) ауданында құстар қырылып жатыр. Ал олардың қырылуына не себеп болғаны анық емес, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме беріп.


Средигорный атты ауылдан көрген куәгер бырдай боп қырылып жатқан кептер мен қарғаларды видеоға түсіріп алыпты. Арасында кейбіреуі қозғалады демесеңіз, өлмеген жаны ғана жатыр.



Ауыл тұрғындары бұған шаруа қожалықтарының қандай да бір әрекеті себеп болуы мүмкін деп болжайды.


Дегенмен, құстардың қатты аяздан да қырылып қалуы ғажап емес. Соңғы күндері бұл жақтағы ауа температурасы 39 градусқа дейін түсіп кеткен болатын.


Сонымен қырылған қанаттылар аудан орталығына арнайы мамандарға жөнелтілді. Жағдайдың нақты себебі сол жерде анықталмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив