KZ
Өскемен
+5°
небольшая облачность жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

ШҚО-да бірқатар қала мен 12 ауданда сабақ болмайды

27.12.2018, 03:33 131

Бүгін Шығыс Қазақстанның бірқатар қалалары мен 12 ауданында сабақ болмайтындығы жария етілді – деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


27 желтоқсанда Өскемен (температура минус 34), Семей (-34), Курчатов қалаларында (-35) 1-ауысымдағы 1-11 сынып аралығында, колледждердің 1-2 курстарына, Риддерде (-27) 1-ауысымның 1-9 сыныптарына сабақ болмайды.


Шемонайха ауданында (-35) 1-ауысымдағы 1-11 сынып аралығында және колледждердің 1-2 курстарында, Зырянда (-39) 1-2 ауысымдағы 1-11 сынып аралығында және колледждердің 1-2 курстарына, Глубокое ауданында (-35) 1-ауысымның 1-11 сыныптарына және колледждердің 1-2 курстарына, Күршімде (-34) 1-ауысымның 1-11 сыныптарына және колледждердің 1-2 курстарына, Катонқарағайда (-34) 1-ауысымдағы 1-11 сынып аралығында, Бородулихада (-37) 1-ауысымның 1-11 сыныптарына және колледждердің 1-2 курстарына, Жармада (-32) 1-ауысымдағы 1-11 сыныптарында, Көкпектіде (-37) 1-ауысымдағы 1-11 сынып аралығында, Аягөзде (-26) 1-ауысымдағы 1-9 сыныптарда, Тарбағатайда (-29) 1-ауысымның 1-9 сыныптарына, Абай ауданында (-30) 1-ауысымдағы 1-4 сыныптарда, Бесқарағайда (-37) 1-ауысымдағы 1-11 сынып аралығында сабақ болмайды.


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив