KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 4 м/с, З
447.4 477.55 4.76

Сөредегі баға мен чектегі баға сәйкеспесе

25.12.2018, 10:40 147

Сөреде жеңілдікпен тұрған заттың чектегі құны басқа болып жататын жағдайлар жиі кездеседі. Мұндай жағдайға тап болған тұтынушыларға қайтпек керек?


Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің облыстық департаментің мәліметіне сүйенсек, Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы Заңның 10 - бабына сәйкес, тұтынушының тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы толық, дұрыс және уақтылы ақпарат алуға құқығы бар.

Сондай-ақ, Заңның 24- бабына сәйкес, сатушы тауар туралы, сондай-ақ сатушы туралы қазақ және орыс тілдерінде ақпарат беруге және тауардың бағалар заттаңбасымен ресімделген, көрсетілген құнына сәйкес сатуға міндетті.


Тұтынушының мұндай жағдайдағы әрекеті:


1. Сіз бұл тауардан бас тартып, ақшасын талап етуге құқылысыз.


2. Егер сіз бұл тауарды сатып аламын деп шешсеңіз, сауда орнының әкімшілігіне хабарласып, Заңға сілтеме жасай отырып, тауарды сөредегі баға бойынша сатуды талап етуге құқылысыз.


3. Егер сізге тауарды түрлі желеумен сөредегі баға бойынша сатудан бас тартса сөредегі бағаны, датасы болса сонымен бірге суретке түсіріп, чектігі бағаныны да суретке түсіріп алу керек. Алайда дүкеннің баға жазылған заттаңбасын қоса алып кетіп жүрмеңіз. Өйткені ол сауда орнының жеке меншігі болып табылады, сауда орны осы үшін сіздің үстіңізден қарсы арыз жазуы мүмкін.


Одан кейін сауда орынының Шағым кітабын талап етіп, ол жерге осы факт жөнінде шағым қалдырыңыз. Соңынан оны да суретке түсіріп алыңыз. Бұдан кейін тұтынушылар құқығын қорғау органдарына арыз жазу кезінде суреттер мен чекті қоса тіркеуді ұмытпаңыз.

Дегенмен, өзінің атағына кір келтіріп, тұтынушылардың сенімін жоғалтпауды көздейтін сауда орны егер сіз өз құқығыңызды Заңға сүйеніп, қорғай білсеңіз тиісті органдарға шағым жазуға жеткізбей шешуі тиіс.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив