KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 5 м/с, З
445.66 474.58 4.78

Өскеменде халықаралық стандарттарға сай жеңіл атлетикалық кешен салынады

21.12.2018, 11:30 135

Өскеменде халықаралық стандарттарға сай жеңіл атлетикалық кешен пайда болады. Бұл туралы бүгін облыстық әкімдікте өткен ел жеңіл атлетика федерациясының 2018 жылғы қорытынды конференциясында федерация президенті Даниал Ахметов мәлім етті.


– Елімізде жоқ спорттық нысанды, бұйырса келер жылдың қазан айына дейін салып бітеміз. Қазір тиісті құжаттар әзірленуде. Аталмыш нысанда жыл он екі ай оқу-жаттығу жиындары мен үлкен жарыстар өткізуге барлық жағдай жасалмақ. Кешен ішінде асты «Регупол» жабындысы төселген сегіз жүгіру жолағы болады. Ең бастысы, онда білікті бапкерлер қызмет етпек. Негізі, бастапқыда аталмыш кешенді Семей қаласында салмақ болғанбыз. Алайда, ойлана келе, нысанның Өскеменде орналасқаны дұрыс болар деген шешімге келдік, – деді Даниал Ахметов.


Федерация президенті, сонымен қатар алдағы уақытта еліміздің Астана, Атырау, Павлодар, Талдықорған сияқты бірқатар қаласында жеңіл атлетика орталықтары салынатынын хабарлады.


Жиында, сондай-ақ жаңа жылдан бастап елімізде талантты жастарды анықтау мақсатында жеңіл атлетика спортымен шұғылданып жүрген ұл-қыздарды арнайы тестілеуден өткізу жұмыстары қолға алынатыны да белгілі болды. Бұл сыннан сүрінбей өткен жас спортшылар өскемендік «Altay Athletics» кәсіби жеңіл атлетика клубының құрамына қабылданып, халықаралық додаларға қатысу мүмкіндігіне ие болмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив