KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 7 м/с, В
443.35 475.54 4.82

Подъезде қалған қоқыстан 9 қабатты үй өртеніп кете жаздады Семейде

19.12.2018, 06:25 128

Кеше түнде Семейдегі 9 қабатты үйден өрт шықты. Бір адам уланып қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Төтенше жағдайлар комитетінің ақпаратына  сенсек, өрт туралы хабар түнгі сағат 03:18-де келіп түскен.


«Өрт төменгі қабатта қалған қоқыстан шыққан. 10 квадрат метр аумақты шарпыған», деді баспасөз хатшысы.


Өрт сөндірушілердің көмегімен 27 адам, оның үшеуі бала, эвакууацияланған. 19 жастағы бойжеткенге иіс тиіп, емханаға жатқызылған.


– Өрт сөндіруге 16 адам мен 4 техника жұмылдырылды. Нақты себебі анықталып жатыр, – деді баспасөз хатшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив