KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Қатерлі ісікті Орталық Азияда теңдесі жоқ әдіспен емдеп келеді

19.12.2018, 04:17 135

Отандық ұлттық ғылыми медициналық орталықтың дәрігерлері қатерлі ісікті Орталық Азияда теңдесі жоқ әдіспен емдеп келеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі 24.кз сілтеме жасап.


Бұл әдіс HIFUтерапия деп аталады. Оның көмегімен қатерлі ісікті80-100 градуста күйдіріп, сау жасушаларды аман алып қалуға болады. Досжан Бақытхан, HIFU терапия маманы:


- Қазіргі XXI ғасырда озық технологияның қатарына еніп тұрған емдеу аппараты деп айтуға болады. Бұл дүниежүзі бойынша 23 мемлекетте ғана қолданыста. Мысалы біздің Қазақстан 2010 жылдан бері қолданып келеді. Сол кезде 13-ші мемлекет болып қолданған ғой. HIFU терапия әдісі Орталық Азия бойынша тек Қазақстанда қолданысқа енген. Онда да мұндай қондырғы тек ұлттық ғылыми медициналық орталықта ғана бар. Сондықтан шетелдіктердің өзі мұнда келіп емделеді екен. Бір операция, орта есеппен, 450 мың теңге тұрады. Бірақ ел азаматтарына квота арқылы тегін жасалады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив